«Қорқыт және Ұлы дала сазы» жиыны әу бастан игі бастама болды. Биыл бесінші мәрте өтуде. Қорқыт бабамыз тек Сыр еліне ғана емес, түркітілдес елдерге ортақ тарихи тұлға ретінде қарастырылады.
Бабамыздан басталған жыршылық өнердің негізі осы қасиетті мекенде қаланды. Нақыл сөздері кейін келе жыршылар мен ақын-шайырлардың шығармашылығында кеңінен насихатталады. Майлықожа, Базар жырау бастаған ақын-жыраулар шығармашылығында, Тұрмағамбет жырларында ерекше аталады. Осы ақындардың елге танылуына себепші болған Қорқыттың нақыл сөздері екенін айтуымыз керек. Бүгінгі ауқымы кең шарада Қорқыт бабамыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған мол мұрасы жайлы ғалымдардың ой-пікірлерін тыңдап, рухани сусындап қайтамыз.
Ұлжан БАЙБОСЫНОВА,
филология ғылымдарының кандидаты.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Алматы қаласы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<