Жеті ата

2367

0

Әр буынның өзіндік аты бар. Олар – әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Бір әкеден бірнеше ұл туып, өсіп-өркендеген соң, бір қауым, не бір тайпа елге, тіпті руға да айналған. Туажаттан туған жүрежат, одан туған – жекжат, жекжаттың баласы – жұрағат атанған. Жеті атаны бөлектеп алудың мәнісі – қазақ ұлтында нағыз жақын туыстардың шегі – жеті атамен аяқталады.

Яғни, туыстықтың бұл мөлшері екі жарым ғасырға созылған. Бұл аралықта, «аталастардың» құдандалы болуы, ерлі-зайыпты болуы «тұқым бұзушылық» болып есептелген. «Шариғат қосқан екен немерені» дегенді желеу қылып, ғашықтық жолмен қосылғандар, қатал жазаға ұшырап отырған. Сол ғұрыпты-жарғыны бұлжытпай сақтау үшін кейінгі ұрпаққа жеті атасын білу міндет етілген.

Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл,

Құлағы мен жағын жер.

Бұл Тәуке хан заманынан қалған сөз деседі. Бұл ғұрып, туыстық махаббаттың ұзақ уақыт жалғасатынын, тірлігі мен бірлігін айнытпауға, тұқымды асыл сақтауға жасалған заң іспеттес. Бұл – ағайынды адамдар арасындағы ар-ұятты, адамгершілікті адал ұстаудың тұрақты жолы.

Д. АРЫСТАНБАЙ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<