Ресейдегі теракт құрбандарының саны 133-ке жетті

3804

0

Фото: РФ ТЖМ

Ресейдің ТЖМ «Крокус Сити Холлда» қаза тапқан құрбандардың болжамды тізімін жариялады. Құжатта әзірге тек 13 адамның аты-жөні жазылған. 

ТЖМ аталған тізім Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сай жасалғанын хабарлады. Тізім әлі де толығуы мүмкін. 

РФ Тергеу комитеті теракт салдарынан ажал құшқан құрбандардың саны 133 болғанын хабарлады.  

Ресейдің ТЖМ мамандары «Крокус сити холл» ғимаратындағы үйінді астынан іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 63 куб метр конструкция бөлшектеніп, тазаланды. Арнайы робот техниканың жұмылдырылуымен өрт ошағы іздестіріліп жатыр.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<