Абай Құнанбаев лирикасындағы шариғат мәселесі

3005

0

Қазақ халқының әдебиет тарихында артында өшпес мұра қалдырған Абай Құнанбаевтың орны ерекше. Оның кез-келген өлеңі сырлы суреттерге толы. Өзі өмір сүрген қоғамының әділетсіз көріністерін өлеңмен өріп, ащы зармен сыртқа төгеді.

Ұлы Абайдың халық қамын  терең ойлаған  кемеңгерлігі  оны  ақындықтан да  жоғары  биікке  көтеріп, өз даласымен  шектелмеген  ұлы  ағартушылық  деңгейге шығарды. Ақынның асыл  қасиеттерін  жете  байқаған  ел  Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев: «Абай Құнанбайұлының әлемдік санадан өз орнын алатындай елеулі құбылыс болуы тек оның әдеби ізденістерімен шектелмейді. Әдебиет-Абайдың күллі дүниелік болмысқа, адами, ұлттық кісілік, тарихи, заманалық болмыстарға бойлайтын кәусәр дариясы; ежелгі дүниеден мәңгілікке дейін көл-көсір көсіліп жатқан рухани әлемге, рухани ғарышқа, универсиум деп аталатын ғалами дүниенің ғажайып қиырларына шегер бір жағынан азапты бір жағынан ләзатты сапарының бастау қақпасы, әрі тереңге бойлап, кемелге ұмтылар талпыныстарының  алтын баспалдағы болды», деп Абайдың  ұлттың  қамын  ойлап, мемлекет  болуын  көксеген  биік  тұлға  екендігіне  осы  ғасыр  деңгейінен  баға  берді.

Сауатын он  жасында  Семей медресесінде Ғабұлжаппар  татар молдасынан  ашқан  Абай одан  кейін Ахмет Риза  деген  молдадан үш  жыл  дәріс алады. Медреседе оқу  ескіше, ылғи  дін  сабақтары. Ұстаз халфелердің  бар бейіл  бергені – дін діңгегі  сияқты  болған  арабша, одан  қала берді  парсыша. Ол уақыттағы өлеңге  жарайтын  тіл  жалғыз  араб, парсы  тілі  деп  біліп,  Абай да  алғашқы  өлеңдерінде  араб, парсы  сөздерін  қоспалап  жазған. Мысалы  балалық шағындағы  өлең  жазамын деген  талабын:

Фзули, Шамси, Сайхали

Навои, Сағди, Фердоуси,

Хожа, Хафиз – бу һаммаси

Медет бер, я  шағири фарияд!

– деп  білдірген. Демек, Құран тілі арабша  тіл  сындыруы, дүние  танымын араб, парсы  шайырларының  мұраларынан танып-білуі  қазақ әдебиетіне шариат көріністерін  ендіруге  ықпал  еткені анық. Өйткені, Абайдың дiнге деген көзқарасы медреседе  қалыптасқандықтан – оның дүниетанымы әу бастан-ақ шариғат  негіздері арқылы  кеңіді деп  ойлаймыз. Бұған дәлел  ретінде  Абайдың «Алланың өзi де рас, сөзi де рас»  өлеңiнен  үзiндi келтiрсек:

Алланың өзi де рас, сөзi де рас,

 Рас сөзешуақыттажалғанболмас,

КөпкiтапкелдiАлладан, оныңтөртi

Алланытанытуғасөзiапрылмас.

Амантудыоқымағанкiсi бар ма?

Уактубиһидегенменiсi бар ма?

 Алла өзгермес, адамзаткүндеөзгерер

Жарлықпенолсiздерге, сiз де оларға.

Ақын «Алланың өзi де рас, сөзi де рас» деп жаратушының барлығына ешқандай шәк келтiрмейдi. Бұл  Құрандағы لا إله إلا الله محمد رسول الله «лә иллаһи илла Алла, Мұхаммад расул Аллаһи» делінген  шаһада сөзімен теңдес.

Ақын Алланың бiр, пайғамбардың хақтығын ақылмен түсiнген адам. Абайдың қожа молдаларға қарсы болу себебi олардың көбiнiң дiни сауатсыздығы, имандары әлсiз оңай олжа жолында алласын айырбастап жiберуге дайын тұратындықтары. Ақын өзi де «Алла деген сөз жеңiл» өлеңiнде:

 Алла деген сөз жеңiл,

 Аллаға ауыз жол емес.

 Ынталы жүрек, шын көңiл

 Өзгесi хаққа қол емес   – дейді.

Ақын бұл өлеңiнде Алланы танудың жолы – жүрек, шын ықылас, сүю екенiн айтады.  Абай  Аллаға құлшылық ету құр сөзбен бiтпейтiнiн оған шын ниет, шексiз сүю арқылы жетуге болатынын айтады:

Руза, намаз, зекет, хаж –талассызiс.

Жақсыболсаң, жақсытұтбәрiнтегiс.

Бастапқыүшiнбекiтпей, соңғытөрттi

Қылғанменентатымдыбермесжемiс.

Имамдарғибадаттансөзқозғаған.

Хуснизан мен имандыбiлдi ойлаған.

 Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай,

Сыртынқаншажуса да, iшiоңбаған

Бұл өлеңiнде ақын ораза, намаз, зекет, қажы сияқты иманды бекiтетiн шариғат ғибадаты туралы пiкiрлердi өте қисынды келтiрген.Осы өлеңге мағыналас тағы бiр шығармасы – «Алла деген сөз жеңiл» деп басталатын өлеңi.

Ақылға сыймас ол Алла,

Тағрипқа тiлiм қысқа аһ

Барлығынша шүбәсiз,

Неге мәужүт ол қуа

Бұл өлеңде Алланы, оның шексiз сыр-сипатын, сан түрлi кескiн-келбетiн ешбiр ғұлама ғалым-дiн жолындағы мұтакаллимдер болсын, қисын, дәлелдi жетiк бiлетiн –мантиқиндер болсын (логиктер) толық бiле алмайды. Алайда,  Алла Тағаланың  жаратқан пендесi өзiнiң жаратушысын  жүрегiмен, сана-сезiмiмен әрқашан танымақ жолына түскенi абзал. Бұл тақырыпқа арналған шумақтар басқа да өлеңдерiнде кездеседi.

 Күнi түнi ойымда бiр-ақ тәңiрi,

 Өзiне құмар қылған оның әмiрi,

 Халыққа махлұқ ақылы жете алмайды

 Оймен бiлген нәрсенiң бәрi-дәһрi

 Өзгенi ақыл ойға қондырады

 Бiле алмай бiр тәңiрiнi болдырады

Абай үшiн адамзат баласының бәрi  бiр-бiрiне  бауыр. Ол Алла бiр, пайғамбар хақ деп ақылмен түсiнедi. Дiн – адамның көңiлi, сүйiспеншiлiгi, адамгершiлiк қасиетi деп түсiндiредi. Иманның үш асылы үшiн малың түгiл басыңды байла, растау, бекiту бiр Алланың досы дейдi. Оны бұзатын iс-әрекеттерден бойыңды алшақ ұстап,  сақтанып  жүру керектiгiн айтады. Абайдың Алланы сүюi дүниені iзгiлiк пен сүю деп тануымен байланысты. Осы үш сүюдi қамтыған имани гүл танымында Алланы алғаш, пенденi кейiн атауынан шариғат  ғибадатынан  мол  хабардар  екендiгi көрiнедi. Ақын ең түпкi үшiншi сүюдi – әдiлеттi екiншi сүюдегi адамзат үшiн қасиеттi де, қадiрлi болуынан шығарады. Абай танымындағы әдiлет – адамзаттың ең негiзгi сүйенiшi мен тiрегi, өмiрiнiң мәнi. «Барлық жақсылық пен iзгiлiк бiр Алладан» деп түсiнген әрбiр пенде өзiнiң адамгершiлiк қасиетiн жетiлдiру арқылы  шариғаттың  тек  iзгiлiкке, рахымды мейiрiмдi болуға үндейтінін  осы  өлеңінен  көреміз:

Алла мiнсiз әуелден пайғамбар хақ,

Мүмин болсаң үйренiп, сенде ұқсап бақ

Құран рас, алланың сөзi дүр ол

Тәуилiн бiлерлiк ғылымың шақ

Алланың пайғамбардың жолындамыз

Ынтамызды бұзбастық иманымыз

Пайда мақтан, әуесқой – шайтан iсi

Кәнi бiздiң нәпсiнi тиғанымыз

Мумин болсаң әуелi иманды бол

Пендеге иман өзi ашады жол

Шынилан да, таза ойлабiриманды

Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол

Бұл жерде әңгiме Алланың мiнсiз пайғамбар хақ екендiгiн түсiнiп, мойындап, қабылдауда. Оны жасамасақ, оған ақыл, сана – сезiмiң жетпесе мiндi. Ал адамдарға өмiр иесi Алланы, оның мiнсiз екендiгiн тану парыз. Алла мiнсiз болғанмен адам мiндi. Бұл өмiр қажетттiлiгiнен туған. Құранда  бұл  туралы:

وَمَن يُطِعِ اللّهَ وَالرَّسُولَ فَأُوْلَـئِكَ مَعَ الَّذِينَ أَنْعَمَ اللّهُ عَلَيْهِم مِّنَ النَّبِيِّينَ وَالصِّدِّيقِينَ وَالشُّهَدَاء وَالصَّالِحِينَ وَحَسُنَ أُولَـئِكَ رَفِيقاً

«Ал  кәне  кім  Аллаға, пайғамбарға бойұсынса, міне  солар  Алла  нығыметке  бөлеген  Пайғамбарлар, шыншылдар және  игілермен  бірге  болады…» (Ниса сүресі  68 аят). «Құран  рас, Алла  сөзі  дүр» дегеннің анық мағынасын  білуге (Тәуилін) білімің  сәйкес  дегені.Алла – ақиқат, мiнсiз, пайғамбар хақ, ол адамдарға «қажеттi  қағидаларды жеткiзушi. Адам осыларды  түсінуші, қабылдаушы, соған  орай сенiмге енушi, өмiр иесi. Себебi Алла да пайғамбарда Адам үшiн                                                                                                                                                                қажет. Алланың мiнсiз, пайғамбардың хақ екенiн мойындау адам санасын  имандылыққа  кенелтеді. Құранда:

إِنَّ اللّهَ يَأْمُرُكُمْ أَن تُؤدُّواْ الأَمَانَاتِ إِلَى أَهْلِهَا وَإِذَا حَكَمْتُم بَيْنَ النَّاسِ أَن تَحْكُمُواْ بِالْعَدْلِ إِنَّ اللّهَ نِعِمَّا يَعِظُكُم بِهِ إِنَّ اللّهَ كَانَ سَمِيعاً بَصِيراً .58  يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ أَطِيعُواْ اللّهَ وَأَطِيعُواْ الرَّسُولَ وَأُوْلِي الأَمْرِ مِنكُمْ فَإِن تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللّهِ وَالرَّسُولِ إِن كُنتُمْ تُؤْمِنُونَ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ ذَلِكَ خَيْرٌ وَأَحْسَنُ تَأْوِيلاً .

«Шәксіз Алла толық  естуші,  тым  қырағы. Әй, мүміндер! Аллаға  бой  ұсынып, Пайғамбарға  әрі  өздеріңнен   болған әмір иелеріне  бой  ұсыныңдар» (Ниса  сүресі 58, 59 аят).

Ол үшiн Алла туралы тек сенiм ғана қалып таспай, оны тануға талпыныс жасау керек. Алланы тану шындықты тану, оның керемет құпиясын барлау ақиқатты аңғару. Алла әр  нәрсеге  күші толық  жетуші. Алла әуелгі әрі соңғы. Сондай-ақ ол  әрнәрсені толық білуші  екендігін  осы  өлең  арқылы  танытып, адамдарды таза имандылыққа  шақырады.

 Қасиетті  Құранда:

أَلَمْ يَأْنِ لِلَّذِينَ آمَنُوا أَن تَخْشَعَ قُلُوبُهُمْ لِذِكْرِ اللَّهِ وَمَا نَزَلَ مِنَ الْحَقِّ وَلَا يَكُونُوا كَالَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِن قَبْلُ فَطَالَ عَلَيْهِمُ الْأَمَدُ فَقَسَتْ قُلُوبُهُمْ وَكَثِيرٌ مِّنْهُمْ فَاسِقُونَ .

«Иман келтіргендердің  жүректері Алланың  зікіріне (Құранға) жұмсап  әрі түскен  хақиқатқа жібімей ме? Ал енді  бұрын  өздеріне Кітап  беріліп, сосын  ұзын мерзім  өткендіктен жүректері қатайғандар  сияқты  болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар»[3, 539], – делініп  басқа  да кітаптар  түскендігі  туралы  айтылады. Абай  бұл туралы:

Көп кiтап келдi Алладан оның төртi

Алланы танытуға сөз айырмас, – деген.

Абайдың айтып отырған  осы төрт кiтабы  туралы  ғалым-философ  Ғарифолла  Есім « Хакім  Абай»  еңбегінде мынадай  толық  түсінік береді: «Мұса пайғамбарға келген –Тәурат, Дәуiт пайғамбарға келген –Зәбур, Иса пайғамбарға келген – Iнжiл, және Мұхаммед пайғамбарға с.а.с келген –қасиеттi  Құран. Ғалым  осы  дәйектерді  келтіру  арқылы Абай  өлеңінде  айтылған  төрт кітаптың  не  екендігінің  мәнін  ашып  береді.  Өйткені  шариғат  бойынша  Алла  тағала  тарапынан түсірілген барлық кітаптарға  иман келтіру иманның негіздерінен саналады. Ол туралы Құранның Ниса сүресінің 136 аятында былай делінген:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ آمِنُواْ بِاللّهِ وَرَسُولِهِ وَالْكِتَابِ الَّذِي نَزَّلَ عَلَى رَسُولِهِ وَالْكِتَابِ الَّذِيَ أَنزَلَ مِن قَبْلُ وَمَن يَكْفُرْ بِاللّهِ وَمَلاَئِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ فَقَدْ ضَلَّ ضَلاَلاً بَعِيداً .

«Әй, мүміндер! Аллаға, Пайғамбарларына және оған түсірілген Құранға сондай-ақ одан бұрынғы түсірген кітапқа иман келтіріңдер. Ал кім Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ахирет күніне қарсы шықса, сонда тым ұзақ адасады». Абайдың  мына  өлеңінде:

Дүниеге  дос  ақиретке бірдей  болмас

Екеуі  тап бірдей  боп  орныға  алмас

Дүниеге  ынтық  махшарға амалсыздың

 Иманын  түгел деуге  аузым  бармас

– деп  отырғаны ақиреттің  бар  екендігіне  күмән  келтіретін адамның  дүниеқоңыздығын мінейді. Ондай  адамдардың  иманы  жоқ  дейді.  Ал бұл  туралы  Құранның Мутаффифун  сүресінде:

إِذَا تُتْلَى عَلَيْهِ آيَاتُنَا قَالَ أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ .13كَلَّا بَلْ رَانَ عَلَى قُلُوبِهِم مَّا كَانُوا يَكْسِبُونَ .14كَلَّا إِنَّهُمْ عَن رَّبِّهِمْ يَوْمَئِذٍ لَّمَحْجُوبُونَ ثُمَّ إِنَّهُمْ لَصَالُوا الْجَحِيمِ .

«…Қашан оған аяттарымыз оқылса: «Бұрынғылардың ертегісі» деді. Жоқ. Бәлкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты. Жоқ олай емес. Негізінде олар ол күні, Раббыларының дидарынан махрұм қалады. Сосын олар, әлбетте тозаққа кіреді», – делінеді Өлгеннен кейін тірілу, мәңгілік өмірдің  барлығы – Исламда негізгі  сенімдердің  бірі Құран Кәрімнің басты қағидаларының бірі ғылым-білімді игеруге шақыру болса, Абай да қазақ баласын өнер-білімге шақырды. Алланың ақ жолына түскен, жүрегінде иман нұры бар адам адамшылықтан аттамайтынын білген ақын қазақ баласын имандылыққа шақыра отырып, бес асыл істі бойына жинауға шақырды. Бұл аталған ізгі қасиеттердің бастауы қасиетті Құран Кәрімде жатса, Абай қазақ баласын имандылықтың алғы шарттарымен тәрбиелеуді жөн көрді.

Алланың пендесiне берер мейiр-махаббатының  өлшеусiз мол екендiгi, соған лайық болу, адамзат үшiн парыздың  парызы болатыны туралы ойын Ақын өлеңiнде былай өрбiтедi.

 Махаббатпен жаратқан адамзатты ,

 Сен де сүй ол Алланы жаннан тәттi

 Адамзаттың бәрiн сүй бауырым деп

 Және хақ жолы деп әдiлеттi.

 Осы үш сүю болады екен иманы гүл

 Иманның асылы үш деп сен тақиқ бiл.

 Ойландағы үшеуiн таратып бақ,

 Басты байла жолына, малың түгiл.

 Дiнде осы шын ойласаң, тағат та осы,

 Екi дүние бұл тасдиқ –хақтың досы    

Осыларды бұзатын және үш iс бар:

 Пайда, мақтан, әуесқой-онан шошы

«Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» деген тармағында ақынның айтып отырғаны сен Алланы  адамзатты махаббатпен жаратқаны үшін сүй деп отыр. Бұл жерде мәселе Аллаға деген махаббатқа, сүюге кеп тірелген. Олай болса, Алланы жанымыздан да тәтті сүюге тиіспіз. Алланы сүю арқылы біз оған қарызымызды өтемекпіз. Ал адам шын ниетімен Алланы танитын болса көкірек  көзін  ашатын болса, оған Алла Тағаланың  сәулесі түседі. Ақын бұл туралы:

Жүректің көзі ашылса –

Хақтың түсер сәулесі

Іштегі кірді қашырса

Адамның хикмет кеудесі

Ақынның поэзиясындағы осындай құндылықтар жөнінде белгілі абайтанушы М.Мырзахметов былай дейді: «Абай шығармасында ойшыл сын көзімен қарап баға берілетін «бенделіктің кәмәләттығы» туралы сопылық әдебиеттегі ең жетілген рухани тұлғаның үлгі-өнегесі ретінде жырланып келген тұрақты дәстүр болатын-ды. Ал бұл мәселені Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінде таратылатын үш сүю яғни иманигүл мәселесімен тікелей байланыстыра отырып қарамайынша, түсінудің өзі қиын таным. Абай танымында:

Махаббат пен жаратқан адамзатты

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті,

– деп отырғаны бірінші сүюге жатады. Бұл сөздің мағынасы Алла сені махаббатпен сүйіп жаратса, сен де Аллаға бар жаныңмен сүйіп берілуің керек дегенді ұқтырады.

Бұл айтылған таным яғни бірінші сүю сопылық әдебиетте ол әдебиеттің классикалық түріне айналған Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикметінде» сопылық поэзияның басты сарынына айналған ерен құбылысты көреміз. Яғни бұл таным бүкіл сопылық поэзияның басты тақырыбы, негізгі ой ағымының өзекті сарыны болып отырады. Осы себепті де Абай бұл жолдағыларды яғни бірінші сүю жолында Алланың нұрына ғашық болғандарды: «…Ғашықтықтары сол халге жетті, дүниені, дүниеге тиерлік пайдасын ұмытты. Бәлки хисабқа алмадылар», – деп, өзінің неге болса да сыншыл оймен қарайтын кәнігі қарым-қатынасын ашық айтып отыр.

Абай сөз етіп отырған бірінші сүю тақырыбы мен ондағы таным Ясауи хикметінде:

Шын ғашықты  Аллам сүйіп пендем деген… (891-жол)

Ғашық болмай танып болмас Алла сені… (1161-жол)

– деген өлең жолдарында бүкіл сопылық поэзияның басты сарыны не екенін ашық көрсетіп тұр. Бұл өлең жолдарындағы пікір нысанасы суфизмнің басты шарты – Алланы сүюді яғни бірінші сүюді меңзеп отырғанына талас болмаса керек-ті»].

Абай поэзиясындағы Алланы сүю ұғымын философ ғалым Ғ.Есім былайша түсіндіреді: «Абай «мұсылмандық», «иман» деген ұғымдарға терең талдау жасаған ойшыл. Оны осы «үш сүю» деген түсінік арқылы қарастырайық. Ақынның айтып отырған бірінші сүюі –

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Яғни әңгіме Алла Тағаланы сүю туралы (ол жөнінде «махаббатпен жаратқан адамзатты» деген сөзде айтқан болтынбыз). Екіншіден:

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп.

Мәселе бүкіл адам баласын дініне, тіліне, түр-түсіне қарамай сүю керек, үшіншіден: Алланы, адамзатты сүю дәстүрін хақ жолы, әділеттілік деп, әділеттілікті сүю дейді. Осы үш сүюді ақын имани гүл дей келе, ойын былайша өрбітеді:

Ойлан дағы үшеуін таратып бақ,

Басты байла жолына, малың түгіл,

– дейді».

Алла Тағаланың сәулесі түскен адамның ішкі дүниесі тазарады, сөйтіп ол құлшылық жолына түседі. Аллаға деген құлшылық адамның ой-пиғылын тазартады. Сөйтіп адамның кеудесі хикметке толады. Арабша (хикмет) деген сөз, ақыл, рақымшылық, даналық деген ұғымды білдіреді. Құлшылықтың басты міндеті – ниетті тазарту. Ақынның меңзеп отырғаны адам бақытты рухани өмір сүру үшін оған дұрыс ынта жігер керек, ал дұрыс ынта жігер болу үшін оған ниеттің тазалығы керек. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты.

Сонымен қатар: 

Адамзат –бүгін адам, ертең топырақ,

                   Бүгін өмір жарқылдап алдар бірақ

                   Ертең өзің қайдасың, білмейсің,

                   Өлмек үшін туғансың, ойла шырақ

– деп Абай бұл өмірдің мәңгілік емес екенін, сондықтан фәни өмірдің  аздаған алданышына мәз болмай, берілген, аз ғұмырды  мәнді пайдалы өткізу парыз деген ой түйінімен  дәлелдеп береді.  Бірақ  адам  болған жерде  оның  адал  ісіне нұқсан келтіріп  шайтан жүретінін еске  салып  отырады. Бұл ой Абайдың  М.Лермонтовтың  «Демон»  поэмасынан  аударған  «Шайтан» атты үзінді өлеңiнен көрінеді:

Мұңлы шайтан – құдайдың қуған жаны,

Күнәлi жер кез келiп бiр ұшқаны.

Өткен жақсы дәуренi ойында оның,

Сондағы не көргенi, не қылғаны.

Ол күнде нұрлы бейiш iшiнде екен,

Өзi де перiштелер түсiнде екен.

Жылы жүзбен жұлдыздар жылжып жүрiп,

Сәлемдесер, сөйлесер күшiнде екен….

Құдайым шайтансың деп, лағнет еттi

«Лағнетпен» де қор бола қалман дептi.

Алладан қарғыс алған кеудесiнен

Сүю мен сол сағатта сенiм кеттi….

Ақын осылайша Құранда  айтылатын  әрекеттерді  образды түрде шынайы суреттейді. Шайтан туралы Құранның 113-114 сүрелерiнде айтылған. Ислам дiнiнде  Шайтан Аллаға қарсы шыққан  делінеді. Шайтанның бiр  аты – Iбiлiс. Негізінде Шайтан Аллаға қарсы емес, ол Алланың өз құдiретiмен балшықтан адам жасап, оған жердi «меншiкке» бергенiне қарсы  болған  екен. Шайтан  да  перiштелер сияқты оттан жаралған. Ол адамға иман келтiрмегенi үшiн «шайтан» атанып жұмақтан қуылған.  Алла қаһарына ұшырап, перiштелер мекенiнен қуылғанмен, ол жаратушысынан ақырзаманға дейiн адамдар iсiне араласып, азғындық жасауға рұқсат алған. Ондай ерiктi оған Алла Тағаланың өзi берген. Сондықтан, адам қандай iс iстесе де оның әрекеттерiне мiндеттi түрде шайтан араласып  жүреді. Шайтан араласпайтын  адам iсi кемде-кем. Шайтан  нәрестеге  жақындай алмайды, себебi, оның күзетшiсi-перiште. Шайтан адам  есейіп  күнә жасауға  аяқ  баса  бастағаннан бүкіл  ғұмыры бойы  ісіне  араласумен болады.  Өйткені, Шайтан – Алланың ерекше жаратылған жаны. Алла еш құбылысты өз махаббатынсыз  жаратпаған. Дүниедегi бар нәрсенiң бәрiнiң өз қажеттiлiгi, керектiгi бар. Рет-ретiмен қалыптасқан бұл дүниеде басы артық еш нәрсе жоқ. Бұл жаратылыста Шайтан да, Перiште де керек. Бұл Алланың адамға берген еркi. Ақынның «Мұңлы шайтан-құдайдың қуған жаны» деп отырған  Шайтанды мұң басу себебi,  ол Алла өзiн қажеттiлiкпен жаратқанын, сол мөлшерден аспау керектiгiн бiледi, сол бiлгендiгiнен қайғыға түсiп қамығады. Абай М.Лермонтовтың бұл поэмасын толық аударуды мақсат етпеген. Шайтан қандай айла-тәсiл қолданып адамды аздыруға ниет қылдырғанмен, ол адамның құпиясына таң-тамаша қалады.

Абай  шығармаларындағы  шариғат  тақырыбының бастауы, көзi болып табылатын  Алла мен пенделер  арасындағы  қарым-қатынас кеңестiк  кезең  тұсында зерттелмедi. Себебі коммунистік  қоғамда  «дін – апиын» делінді. Соның салдарынан  қай  ұлтта да болсын адамдар  азғынданып,  қайрымсыздық  жайлады. Діннің  жойыла бастауынан  діл  мен  тіл де, салт та дәстүр де солғын  тартты, рух  төмендеді, имандылық  азайды. Қазақ халқының болмысына  тән  осы  құндылықтардың  жұтаң  тартуына жеткізген кеңестік жүйе  ыдырап, діннен  тыс болған идеологиясы да келмеске  кеткеннен  кейін  тәуелсіз қазақ  мемлекеті  алдында  тұрған  басты  міндеттердің бірі ұлттық сипаттарды қалыпқа келтіру болды. Елдің  зиялы қауымы  әдебиетші, тарихшы ғалымдар  ұлттық  идеологияға әдеби, мәдени,  тарихи мұралар мен қатар діннің де  арқау  болатындығын  айқын  көрсетуде. Осыған  байланысты  рухани  мұраларымызға тәуелсіз елдің талап-тілегіне сай жаңаша тұрғыда  қарау  қажет болды. Оның бір мысалы жоғарыда сөз болған Ы.Алтынсарин мен Ш.Құдайбердіұлы еңбектерінің араға қаншама жыл салып, қайта жарық көруі.

Абайдың қазақ поэзиясына енгізген мазмұн, түр жаңалығы өзінен кейін өмір сүрген күллі қазақ ақындарының поэзиясында жалғасын тапты. Оны қазақтың кез-келген ақынының шығармаларынан атауға болады. «Абайда әлеуметтік, рационалдық уағыз басым», – деген М.Базарбаевтың пікіріне сүйенетін болсақ, Абай Құнанбайұлы өзі өмір сүрген дәуірдегі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін електен өткізе отырып, оларды жаманнан жиренуге, жақсыдан үйренуге шақырды. Құран Кәрімнің басты қағидаларының бірі ғылым-білімді игеруге шақыру болса, Абай да қазақ баласын өнер-білімге шақырды. Алланың ақ жолына түскен, жүрегінде иман нұры бар адам адамшылықтан аттамайтынын білген ақын қазақ баласын имандылыққа шақыра отырып, бес асыл істі бойына жинауға шақырды. Сондықтан да ол «Адам болам десеңіз, тілеуің өмірің алдыңда» дей отырып, «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой» деп, аталған бес асыл істі үйренуге, «өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақтан» жиренуге шақырды.

Абай 28-қара сөзiнде: «жақсылық, жамандықты жаратқан – Құдай, бiрақ қылдырған Құдай емес, байлықты, кедейлiктi жаратқан – Құдай, бай қылған, кедей қылған  Құдай емес деп нанып  ұқсаң болар, әйтпесе –жоқ». Абайдың бұл сөздерiнен ұғатынымыз Құдай тек заңдылықтарды жасаушы  екендігі. Мұсылмандардың  өз  тағдырында  жақсылық  пен  жамандықты  бастарынан өткізуі олардың өздерiнiң  шариғат  шарттарын  нақты түсiнiп, дұрыс орындауына байланысты. Егер пенде  шариғат жолымен  жүріп, оны  бұзбай, пайдалы жақсы iстермен  айналысатын болса,  алдағы  оның тағдыры да  дұрыс болады, ал егер керiсiнше тек өзінің жеке басының  қамын  ғана  ойлап, өзгелерге  жаманшылық жасайтын болса,  бір  кезеңдерде  соған сәйкес жазасын  тартады. Өйткенi Алла бәрiн көрушi, естушi.  

Абай Алла ақиретте адам баласынан сұрау алып, тiршiлiкте iстеген әрекетiнiң нәтижесiне қарай оған не жазасын тартқызатынын, не рахатын көрсететiнiн айтады. Адам өмiрiн реттейтiн тәртiптер шариғатта кеңiнен берiлген. Олардың ең қарапайым түрлерi: адамдардың отбасылық мiндеттерi, әйелдердiң қоғамдағы орны, балалардың ата-анасына деген, ата-ананың балаларына деген мiндеттерi тағы сол сияқтылар. Мiне шариғатта белгiленген реттегiш тәртiптердi сақтау, бұлжытпай орындау бүкiл қоғам өмiрiнiң дамуын реттейдi. Абай осы шариғатта бар реттегiш заңдардың барлығын жазып кеткен. Реттегiш заңдар пенденiң сезiмдерiн тыйып ұстауға, нәпсiге жол бермеуге, жамандық iстерден қорғап сабырлы болуға үйретедi. Өзiнiң жан екенiн толық сезiнген адам фәни өмiрдiң жалғандығын түсiнiп, ендi мәңгiлiк өмiрге, рухани өмiрге бет бұрады. Ондай адамдарды Абай өзiнiң 38-қара сөзiнде «толық адам» деп атайды. Осылайша Абай поэзиясы мен қара сөздерінде қазақ баласын имандылыққа шақыра білді. Ол адамгершіліктің бастауы Құран Кәрімде деп түсінді. Осы ойымызды М.Бұлұтайдың мына пікірімен дәлелдеуге болады: «Киелі Құран Кәримнің мағынасын тереңдеп түсініп, мұсылман қазақ еліне Ислами Тәлім-тәрбиені насихаттау қызметін атқарған данышпан Ибраһим Құнанбайұлы уә Ақыт Үлімжіұлы қатарлы бабаларымыздың «Ғақылия» атындағы ұмытылмас еңбектерді жазуы да әлбетте Аллаһ Тағаланың аяттарын халқымызға уағыздап, ғылымға шақыру үшін болатын».

Олай болатын болса, Абайдың қазақ поэзиясына енгізген мазмұн, түр жаңалығы өзінен кейін өмір сүрген күллі қазақ ақындарының поэзиясында жалғасын тапты. Оны қазақтың кез-келген ақынының шығармаларынан атауға болады. «Абайда әлеуметтік, рационалдық уағыз басым», – деген М.Базарбаевтың пікіріне сүйенетін болсақ, Абай Құнанбайұлы өзі өмір сүрген дәуірдегі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін електен өткізе отырып, оларды жаманнан жиренуге, жақсыдан үйренуге шақырды. Құран Кәрімнің басты қағидаларының бірі ғылым-білімді игеруге шақыру болса, Абай да қазақ баласын өнер-білімге шақырды. Алланың ақ жолына түскен, жүрегінде иман нұры бар адам адамшылықтан аттамайтынын білген ақын қазақ баласын имандылыққа шақыра отырып, бес асыл істі бойына жинауға шақырды. Сондықтан да ол «Адам болам десеңіз, тілеуің өмірің алдыңда» дей отырып, «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой» деп, аталған бес асыл істі үйренуге, «өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақтан» жиренуге шақырды. Бұл аталған қасиеттердің негізгі бастауы Құран Кәрімде жатса, Абай қазақ баласын имандылықтың алғы шарттарымен тәрбиелеуді жөн деп тапты. Ақын бұл мақсатына жетті де. Себебі, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дейтін ақын поэзиясының негізгі идеясы – ар ілімі еді.

Ф.Т. Жумажанова,

Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-ті

филол.ғ.к. доцент

У. Байлиева,  оқытушы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<