Чернобыль апаты құрбандарын еске алу шарасы өтті

198

0

Фото: қала әкімдігі

Бүгін «Тағзым» алаңы аумағында Чернобыль апатының аяқталғанына 38 жыл толуына орай апат салдарын жоюға қатысқан азаматтарды еске алу шарасы өтті.

Шарада қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев және облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірбек Шаменов, қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмабек Шахатов ардагерлерге ізгі лебіздерін білдіріп, амандық, дендеріне саулық тіледі.

Шараға жиналған қауым ізгі қоғам, жарқын болашақ үшін жасампаз қадам жасап, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтардың рухына бас иіп, бір сәт үнсіздікпен еске алды. Рухтарына арнап құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<