Ерлік ел есінен өшпейді

245

0

Фото: автордан

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» әлеуметтік жобасы негізінде үкіметтік емес ұйымдар ардагерлеріне арналған «Ерліктеріңіз ел есінде!» атты концерт өткізілді.

Ардагерлер құрметіне ұйымдастырылған мерекелік іс-шараның басты мақсаты – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына  35 жыл толғанын атап өту, оның тарихи мағынасын ашып, толық мәлімет беру, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ете отырып, жастарымызды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Концерт бағдарламасын тамашалауға облыстық «Қызылорда-Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбит Әбіш, Қызылорда облысының «Ауғанстандағы соғыстың мүгедектері мен ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмат Ақтаев, «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарға және әскери қақтығыстарға қатысушылардың» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Орынбайұлы, қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмабек Шахатов, «Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім-шарты әскерінің тобы» ардагерлер» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігі филиалы директоры Алтынсары Шүренов, «Қызылорда облысы бойынша Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан, ұрыс қимылдарының ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болатбек Төлегенов және колледж студенттері мен мектеп  оқушылары шақырылды.

Концерттік бағдарламада әдемі әндер шырқалды, «Арнау» өлеңдер оқылды. Концерттік бағдарлама ардагерлерге ұнап,  естелік фотосуретке түсіп, ризашылық білдірді.

Б. Мықтыбаева

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<