10 күн бұрын жоғалған зейнеткер табылмай жатыр

469

0

Көкшетауда із-түзсіз жоғалған 80 жастағы қарияны полиция қызметкерлері мен волонтерлер 10 күн бойы іздеп таппай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тілектес Қожақовтың із-түзсіз жоғалғаны туралы полицияға арыз 17 қыркүйекте түскен. Ол сол күні кешкі 21:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Туыстарының айтуынша, 80 жастағы қарияның есте сақтау қабілеті нашар, сол себепті адасып кетуі мүмкін.

«Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалған Тілектес Қожақовтың белгілері бар бағдарлар полиция департаментінің барлық аумақтық бөлімшелеріне жіберілді, сондай-ақ әлеуметтік желілерде таратылды, арнайы іздеу топтары құрылды, волонтерлер мен жанашыр азаматтар қолдан келген көмекті көрсетуде», – деді ведомстводан.

Жоғалған адам басына сұр қалпақ, үстіне көк спорттық жемпір, қара трико, аяғына қара кроссовка киген.

Полицей қызметкерлері хабар-ошарсыз жоғалған адамның тұрған жері туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтардан Көкшетау қаласының полиция басқармасына (Сәтпаев көшесі, 1а) немесе 102 телефоны бойынша дереу хабарласуды сұрайды.

Айта кетсек, Көкшетауда 19 жастағы жігіт көліктің астына түсіп өлмек болған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<