“100 жаңа есім”: екінші маусым ережесі айтарлықтай өзгермейді

217

0

Орталық коммуникациялар қызметінде «100 жаңа есім» жобасының жаңа кезеңіне қатысушы үміткерлерді Қазақстан бойынша іріктеуге арналған баспасөз конференциясы өтті.

Шараға “Қазконтент” АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетов, “Болашақ” РҚ және “Жастар үні” ЖҚБ төрағасы Дәурен Бабамұратов, “Қазақстанның Азаматтық Альянсы” ЗТБ директоры Гамал Түзелбаев, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров және “Болашақ” қауымдастығы кеңесінің директоры Лаура Демесінова қатысты.

“Биыл да “100 жаңа есім” жобасы Қазақстандағы ерекше таланты мен тұлғалық сипатқа ие адамдарды іздеп, жобаға белсене қатысуға шақырады. Аталған жоба кәсіби салада жетістікке жеткен, өз дара жолы өзгеге үлгі болатын адамдарға арналған

, – дейді Ерлан Сайыров. Ал осы жылғы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптың өткен жылғымен салыстырғанда көп өзгешелігі жоқ.

Негізінен жеке кәсіп иелеріне, жекелеген өндіріс орындарына айрықша мән беріп отырмыз. Бұл конкурсқа қатысушы тұлғаның танылуына, жарнамасының жүйелі жүргізілуіне ықпал етеді деп ойлаймыз

– дейді Дәурен Бабамұратов. Естеріңізге сала кетейік, екінші маусымға қатысқысы келетіндер мына жерден тіркеле алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<