15 мың адам зейнетақысын алмаған

232

0

Елімізде 15000-нан аса егде адам тиісті зейнетақысын алмай келген. Себебі, олар дер уақытында зейнет жасына жеткендігі туралы өтініш қалдырмапты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Тиісті зейнетақысын алмай келген азаматтар өмірі жұмыс істемегенін не әлі де жұмыс істеп жүргенін желеу еткен. Осы орайда алдағы уақытта зейнетақыны автоматты түрде тағайындау технологиясы қолға алынуы мүмкін. Еске салайық, Қазақстанда жыл басынан бері 1 млн 400 мыңға жуық адамның мәртебесі айқындалған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<