16000-нан астам адам айт намазына қатысты

409

0

Күллі мұсылман қауымы үшін мәртебесі биік Құрбан айт мейрамы Сыр мешіттерінде ғибратты уағыз айтылып, айт намазын оқумен басталды.

Жалпы облыс бойынша айт намазына 16000-нан астам адам қатысты.

Құтханадағы құлшылықтан соң, жиылған жамағат мешіт ауласында жайылған ақ дастарқаннан дәм татып, ұлттық спорт сайыстарында бақ сынады. Балаларға тәттілер таратылып, ұлттық дәстүр дәріптелді.

КөпшІлікке қуаныш сыйлаумен басталған мерекелік жиын құрбан шалу рәсімімен жалғасты.

Айта кетейік, осыған дейін Қызылорда қаласы бойынша құрбан шалу рәсімі мешіттерде емес, арнайы жасақталған “Нұрболат” (Т.Абуов, 29) және “Кзо-Ет” (Көкжиде, 56) қасапханаларында өтетіні хабарланған болатын.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<