17 қазанда күн ашық, үш градусқа дейін қатқақ болады

299

0

Фото: Александр Павский/Kazinform

Қазгидромет синоптиктері 17 қазан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстанның басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады.

Сондықтан күн ашық, жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<