“17 жасымда туған өлкемнен кеттім” – Назарбаев солтүстікке қоныс аударғандармен кездесті

278

0

 
Президент солтүстікке қоныс аударған тұрғындарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында Ильичевка ауылындағы 14 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл үйлер Қазақстанның басқа өңірлерінен қоныс аударғандарға арналған.

Нұрсұлтан Назарбаев көшіп келген отбасылармен әңгімелесу барысында қоныс аударған тұрғындарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтіп, өзінің де өмір жолы туралы айтып берді.

“Менің Алматы маңында дүниеге келгенімді білесіздер. 17 жасымда туған өлкемнен кеттім. Осындай шешім қабылдап, мен түрлі өңірде еңбек жолынан өттім. Кездескен қиындықтарды жеңіп, бүгінгідей дәрежеге жетіп отырмын. Сіздер мұны балаларыңыздың болашағы үшін жасап жатырсыздар”, – деді Президент.

Елбасы ауылдың жаңа тұрғындарына зор денсаулық, табыс, бақ-береке тіледі.

Жалпы 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысына 900 адамнан тұратын 235 отбасы көшіп келген. Барлығы жалдамалы пәтермен қамтамасыз етіліп, жұмысқа орналастырылды. Олардың көшіп келуіне және шығындарын өтеу үшін 1 миллиард теңгеден астам субсидия бөлінді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<