18 наурызға жоспарланған «Nur Otan» жиыны өтпейтін болды

212

0

«Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды. Бұл туралы партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек  Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады», – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Германияның Христиан-демократтары Одағы партиясының сьезі де кейінге шегерілген. Ол жиындаПартияның жаңа лидерін сайлау жоспарғанған. Одан бөлек, АҚШ-та қауіпті вирус таралуына байланысты Байден мен Сандерстің дебатын Аризона штатынан Вашингтонға ауыстырған. Тіпті ол дебат көрерменсіз өтетіні де айтылды.

Ал «Nur Otan» партиясы азаматтарды жеке-жеке қабылдауды тоқтатқан.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда 6 адамнан коронавирус анықталғаны ресми хабарланған. Олардың 4-еуі Алматыда, 2-еуі Нұр-Сұлтанда. Тағы бір қазақстандық Германияда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<