\»2-ақ млн\»: \»Опмай-опмай\» әнінің орындаушылары тойдағы гонорарын айтты

238

0

Биылғы жылдың басында жарыққа шығып, 37 млн қаралым жинап үлгерген «Опмай-опмай» хит әнінің орындаушылары өздерінің тойға жиі шақырту алатынын айтты. «Азия» мен «Бақай» тобының жігіттері тойдағы гонорарының да 2 млн теңгеге жеткенін жасырмады деп жазады «31» арнаның «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Өнер иелерінің айтуынша, оларды Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары тойға жиі шақырады екен.
«Екі топқа 2-ақ млн. Бәрі айтып жатса, біз де айтайық. Қалада бір млн теңге. Жетеді сол. Жаңа туынды шықса, біз сынауға дайын тұрамыз. Неге оны көтермеске? Мен соған таңғаламын», – дейді «Азия» тобының әншісі.
Айта кететіні, қазақ сахнасындағы мағынасыз әндерді сынап, ән шығару арқылы қайта жұлдызы жанған жігіттер тағы бір хитті жарыққа шығармақ. Өнер иелері жаңа әнді «Атың өшкір, кредит» деп атаған.
Естеріңізге сала кетейік, «Азия» мен «Бақай» тобы бірлесе шығарған «Опмай-опмай» әні аз уақытта көпшіліктің көңілінен шығып үлгерген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<