«2000 доллар жинаған»: Нұрлан имам TikTok желісінде ойламаған жерден табысқа кенелді

561

0

Фото: instagram/nurlanimam.kz

Tik-Tok әлеуметтік желісі арқылы халыққа танылған имам Нұрлан Байжігітұлының шотында қомақты қаржы жиналған. Бұл туралы ол білмеген болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нұрлан имамның үлкен табысқа кенелгенін белгілі мобилограф Қыран Талапбек айтты.

«Құрметті достар, Нұрлан имаммен жолығып отырмыз. Бұл кісі TikTok арқылы ақша табуға болатынын білмей жүр екен. Осы күнге дейін 2000 АҚШ долларын жинапты. Шынымен де, балансы осындай суммаға жеткенін білмеген. Өзі білмегесін, кіріп көрсем ақшасы шығып тұр», – деді Қыран Талапбек.

Имам бұл ақшамен оқырмандарын қуантпақ екенін жеткізді.

«Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге қажылық Умра жолдамасы ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын», – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<