«2023 жылдың жазында жоғалған»: Жайық өзенінен табылған мәйіттің кім екені анықталды

1549

0

Фото: ашық дереккөз

Атырауда табылған мәйіт 2023 жылы жазда Жайық өзеніне батып кеткен жігітке тиесілі болып шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы atyrauoil.official Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2023 жылдың 13 маусымында кешкі уақытта «Геолог» шағын ауданында болған. Екі жасөспірім белгіленбеген жерде суға түсіп, шыға алмай қалған. 

«Иә, бұл біздің ұлымыз. Оның киген киімдерінен таныдық. Бойы – ұзын, сымбатты жігіт еді. Мектеп бітіруіне бірнеше күн қалғанда бақилық болды. Имамға ескерттік, ертең жерлейміз», – деген баланың туыстары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<