2024 жылы Қазақстан 73 млн тонна мұнай экспорттайды – министрлік

252

0

Фото: kmg.kz

2023 Қазақстан 90 млн тонна мұнай өндіреді. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Осы жылы 90 млн тонна өндіріледі. Келер жылы да осы деңгейде болады деп жоспарланған», – деді А. Хасенов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, 2024 жылы 90 млн тонна мұнайдың 73-75 млн тоннасы экспортқа шығарылады.

«Біз ішкі нарыққа 17 млн тоннасын аламыз. Ал қалғаны экспортқа бағытталады», – деп нақтылады вице-министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<