23 тамызда елімізде сайлау өтеді. Бұл – әрбір азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген сайлау құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық-саяси оқиға.
Сайлауға қатысу – азаматтық белсенділіктің, құқықтық мәдениеттің және қоғам алдындағы жауапкершіліктің көрінісі. Әрбір адамның таңдауы заң аясында жасалып, демократиялық қағидаттардың нығаюына өз үлесін қосады.
Елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімі әрбір азаматтың белсенділігіне байланысты. Сондықтан 23 тамыз күні өз конституциялық құқығыңызды пайдаланып, азаматтық ұстанымыңызды білдіріңіз.





