25 балмен қалай грант иеленуге болады? Министрліктің жауабы

285

0

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері ҰБТ-дан 25 балл жинаған талапкерге қалайша білім беру гранты бұйырғанын түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 «Мысалы, жоғары оқу орнына қысқа бағдарлама бойынша түсетіндер бар – олар үш жыл оқиды. 11 сыныпты бітірген түлектерге ең жоғарғы балл 140 болса, шектік балл – 50, ал екі пән таңдайтын колледж түлектеріне ең жоғарғы балл 70, шектік көрсеткіш – 25. «Атамекен» ҰКП ұсыныстары бойынша колледж түлектеріне грант бөлінген, бірақ бұл гранттар қажетсіз болып қалған. Сондықтан ең төменгі шектік балмен түлектер грантқа ие болды», – деп түсіндірді ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.  Еске салайық, мұның алдында білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланған. Түлектердің бірі 25 балл алып, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына грантқа түскен

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<