25 мыңнан астам оқушы ыстық тамақпен қамтылған

273

0

25 мыңнан астам оқушы ыстық тамақпен қамтылған Қызылорда облысында әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 25 мыңнан астам оқушы ыстық тамақпен қамтылған.
Мамандар Қазақ тағамтану академиясы бекіткен рацион негізіндегі біріңғай ереже сақталатынын айтады. Студенттер мен оқушылардың дұрыс тамақтануына Жастар денсаулығы орталығы да ерекше мән беріп отыр. Енді олар балаларды тез дайындалатын тағамдарды жиі тұтыну, аз қимылдау, гаджеттер мен компьютер алдында ұзақ отыру секілді жаман әдеттерден тыю мақсатында үгіт-насихат шараларын күшейтпек. Осыдан 2 жыл бұрын Қызылорда қаласындағы екі мектепте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы бағдарламасы енгізілген еді. Пилоттық жоба тиімділігін көрсетті. Енді оны қаланың өзге 43 мектебіне қосу жоспары бар.
Жанар Қалмақова, облыстық жастар денсаулығы орталығының директоры:
– Облыстық жастар денсаулығы орталығы облыстағы 293 мектеп және 30 колледжбен тығыз байланыста жұмыс жасауда. Біздің қызметкерлер әр аймаққа бөлініп, жүйелі түрде акциялар мен денсаулық сабақтарын өткізіп тұрады. Жастар арасында артық салмақтан құтылу, салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары насихатталады.
www.24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<