Құрылтай

«25% үстемақы қосылады»: 2026 жылы Қазақстанда кімдердің жалақысы өседі?

58

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қазақстанда мұрағат ісі мен ветеринария саласында еңбек ететін мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар төленеді, деп жазады Alash.kz.

Бұл өзгерістер Үкіметтің №564 қаулысына сәйкес күшіне енді. Құжатқа сәйкес, жаңа нормалар 2026 жылғы 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді. Олар бірнеше маңызды өзгерісті қамтиды.

Енді аталған салалардың қызметкерлері еңбек жағдайына байланысты заңнамада көзделген қосымша төлемдерді алуға мүмкіндік алады.

Бұдан бөлек, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандарға жергілікті мәслихаттардың шешімі негізінде лауазымдық жалақысының кемінде 25 пайызы көлемінде үстемеақы төленеді.

Сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік архив қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысына 1,75 мөлшеріндегі арттыру коэффициенті қолданылады.