300 миллион теңгеге үй сатып алған танымал блогер баласына 20 мың теңге алимент төлеп келген

147

0

Фото: instagram.com/darhanzholshybekov

Қазақстандық танымал блогер Дархан Жолшыбек сот арқылы алимент төлеуге мәжбүр болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы соты хабарлады.

С., Алматының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына баланың әкесі Ж.-ның (Дархан Жолшыбеков – ред.) танымал блогер бола тұра, басқа да табыстары болса да, 20 000 теңге алимент төлейтіні туралы арызданған.

Сот анықтағандай, бұрын сот шешімімен Ж.-ның кәмелетке толмаған баласы А-ға қатысты әке болуы белгіленіп, оның тапқан табысының және (өзге) табысының ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген.

Істі қарау барысында баланың әкесі Ж., жалақысы 70 000 теңге болатыны туралы анықтама ұсынған. 

«Осы орайда, банк анықтамаларынан Ж.-ның есепшотында қомақты ақша қаражаттары бар екені, қымбат сатып алулар жасайтыны, туризм және демалыс мақсатында республикадан тыс жерлерге жиі шығатыны анықталды. Сот іс бойынша анықталған мән-жайларды, оның ішінде жауапкердің басқа да кірістерін ескере отырып, баланың мүддесін ескере отырып, сотталушы Ж.-ның пайдасына 30 АЕК тұрақты сомада алимент өндіру туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады сот.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<