488 шақырым жол жөнделеді

673

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеуімбетов биылғы жылы салынатын және жөндеуден өткізілетін жолдар және жолаушылар тасымалы туралы баяндады.

Облыста автомобиль жолдарының ұзындығы 3397 шақырым. Оның 1016 шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар. Биыл облыстық және аудандық автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық үлесін 69 процентке жеткізу межеленді. Жол желісін дамытуға бөлінген қаржыға 488 км көлік жолы, көшелер мен 11 көпір өткелі жөнделмек. Биыл жол жөндеуге «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінген қаржыға 2 есе көбейді. Бұл – еліміздегі төтенше жағдай барысында қабылданған шешім.


Жолаушылар тасымалына келер болсақ, Президент жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, 6 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында әуе қатынасы қайта орнады. Бүгінде аптасына 19 рейс жасалады.

Енді 1 маусымнан бастап «Скат» әуекомпаниясы жұмысын бастайды. Осылайша, аптасына 33 рейс орындалады. Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап республика бойынша 54 темір жол қатынасы іске қосылады. Облыстан 5 жұп пойыз жүреді. Билет сатылымы 15 мамырдан басталған. Жолаушылар тасымалы кезінде санитарлық-дезинфекциялық талаптары қатаң сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<