5 ай бұрын жоғалған оқушы табылды

256

0

Өткен жылдың қазан айында жлғалып кеткен мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен жылы Түлкібас АПБ кезекші бөліміне аудандық мектеп-интернаттың бір меңгерушісі олардың тәрбиесіндегі оқушы қыз із-түзсіз жоғалғаны туралы арызданады. Арызданушының айтуынша, кешкі уақыт шамасында 14 жасар оқушы қыз интернаттан қашып кетіп, содан қайтып келмеген. «Осы айлар аралығында Түлкібас АПБ-нің полицейлері жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қызды іздестіруді тоқтатпады. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде түлкібастық полицейлер қызды бес ай өткен соң, Шымкент қаласынан тауып, ата-анасына дін-аман тапсырды. Бүгінгі күні оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ. 14 жасар қыз осы уақыт аралығында Шымкент қаласында жүріп, жұмыс істегенін мойындады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықтауда», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<