Қызылорда қаласында өткен республикалық ІХ жазғы спартакиада жексенбіде өз мәресіне жетті.
Астананың 20 жылдығының құрметіне арналған байрақты бәсекеге 6 мыңнан астам қатысушы 54 спорт түрінен бақ сынасты.Тамаша да тартысты сынның бәйгесіне 1044 алтын мен күміс, 1298 қола медаль қойылды.
Спартакиада бағдарламасы бойынша 16 спорт түрінен жарыстар Қызылорда қаласында өтті.
Спортшылар жарыстың барлық түрінде ерекше ептілік, ержүректілік болмыс танытты. Жалаулатқан жанкүйерлерге де тамаша көңіл-күй сыйлады.
Командалық есепте Түркістан облысының спортшылары 1-ші, Алматы қаласының өрендері 2-ші орынның тұғырына орнықты.
Ал, біздің жерлестеріміз, Қызылорда командасы 3-ші орынның бәйгелерін олжалады. 520 командадан 3-ші болу көп күшті талап етері анық. Дегенмен, жерлестеріміз бұл жетістіктерін алдағы кезеңде еселей түсеміз деп отыр.
Р.ДҮЙСЕНҰЛЫ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<