54 жыл бұрын облыс прокуроры дүниеге келді

618

0

54 жыл бұрын (1964) Қызылорда облысының прокуроры Дәуешов Халидулла Зиноллаұлы дүниеге келді. Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген. 1991 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы бұрынғы Гурьев облысы Гурьев қалалық прокуратурасының тәлімгері болып бастаған. 1992-1994 – Атырау қаласы прокурорының көмекшісі. 1994-1999 – Атырау облыстық прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім аға прокуроры, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы. 1999-2002 – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау бойынша департаментінің аға прокуроры, Арнайы прокурорлар және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау  департаментінің аға прокуроры. 2002-2012 – Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры, Атырау облысының Жылыой және Мақат ауданының және Атырау қаласының прокуроры. 2012-2016 – Жамбыл және Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары.
Қазіргі қызметінде – 2016 жылдың маусымынан.

«Қазақпарат».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<