
«Жақын арада «Баспана» компаниясы негізінде жаңа жобаны іске қосамыз. Жоба арқылы Қазақстанның кез келген тұрғыны онлайн режімде өз мүмкіндіктерін бағамдай алады және бұл банктегі қарыз рәсімдеу уақытын анағұрлым қысқартады», – деп түсіндірді Данияр Ақышев.
Ол «7-20-25» бағдарламасын жеті банктің жүзеге асырып жатқанын еске салды. 8 қарашаға дейін банктер жалпы құны 35 млрд теңге болатын 2900 өтінімді мақұлдаған.