7, 8 және 9 наурыз күндері елімізде ауа райы қандай болады

271

0

Сурет: Zakon.kz

«Қазгидромет» РМК мамандары Zakon.kz тілшісіне Қазақстанда алдағы үш күнде – 2024 жылдың 7, 8 және 9 наурызында ауа райы қандай болатынын айтты.

Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

«9 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі деп күтілуде», делінген «Қазгидромет» РМК берген хабарламада.

Бұл күндері, синоптиктер атап өткендей, күндізгі термометр келесі белгіге жетеді:

республиканың батыс облыстарында 0+8°С,

солтүстікте -4+1°С,

оңтүстігінде +10+20°С.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<