29 жастағы Сара Маршаллдың сәбиі Томми-Фрэнк 9 апталығында сөйлеп Гиннестің рекордтар кітабындағы «ерте тілі шыққан сәби» номинациясын жаңартты. Бұл туралы Сара алғаш достарына айтқанда сенбеген екен. Содан соң ол 3 айға толмаған баласының сөйлеп жатқанын видеоға түсірген. «The Sun»-нің мәлімдеуіне қарағанда сәби шынында да әпкесінің айтқан сөздерін жаттап алып қайталайды.
Ана баласының болашақта нағыз данышпан болып өсетініне күмәнсіз сенеді. «Білемін менің ұлым ресми түрде рекордты жаңартқан жоқ. Бірақ біздің балақайдың өмірі әлі алда», – дейді Сара Маршалл. Естеріңізге сала кетейік, ресми рекорд Ноттингемде туған Тео есімді сәбиге тиесілі. Ол алғаш 14 апталығында «сәлем Дини» деп сөйлеген.
massaget.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<