9 жасар Көкшетау тұрғыны Сабина Қайрат «Әлемнің кішкентай аруы» атанды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түркияда өткен халықаралық «Universе Beauty-2019» әдемілік және дарындылар фестиваліне ақмолалық Сабина Қайрат және оның 5 жастағы інісі Дінмұхаммед қатысты.
Балалар өткен жылы «Бірінші Азия вице-аруы» және «Қазақстанның кішкентай мистері» атанған соң осы конкурсқа қатысуға сертификат алған еді. «Сабина сахнаға ұлттық киіммен шықты, дарындылар шоуына, сондай-ақ дизайнерлік көрсетілімдерге қатысты. Ол Көкшетаудағы «Реверанс» клубында спорттық бал билерімен айналысады. Содан да болар, жанкүйерлерге «Румба» және «Самба» билерін көрсетті»,-дейді бүлдіршіндердің анасы Лейла Рахимова.
5 жасар Дінмұхаммед Қайрат «Best photomodel Universy Beauty» титулының иегері атанды. Оның да биі үздік болып мойындалды.
Аналарының айтуынша, жас жеңімпаздар енді маусымда Вячеслав Зайцевтің конкурсына, ал күзде Пьер Карденге – Парижге шақырту алған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<