«Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы аясында бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізілуде. Басты мақсат – жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларының мектепке дайындығы мен олардың жүзіндегі қуанышты көру.
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде 95 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелер сыйлыққа берілді.
Шараны қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов пен «Халық Банк» филиалының директоры А.Дәнкенов ашып, жылы лебіз білдірді.
Игі шараға «Халық Банк» демеушілік жасады. Аталған банктің 95 жылдық мерейтойына орай барлық облыстарда «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларының мектепке баруына қолдау көрсетілуде.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<