5 миллион шығын келтірген үш күдікті ұсталды

474

0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне  қала тұрғыны арызданған болатын. Мамыр айының 07–13 күндері аралығында белгісіз біреулер электр тарату тораптары мекемесіне тиесілі оқшаулағышын және трансформаторын ұрлап кеткен. Келтірілген шығының соммасы 5 миллион теңгені құрады.

Басқарманың криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жеделдігінің арқасында кезекші тәулікте үш күдікті азамат анықталып, ұсталды. Олар өз ісін толықтай мойындады. Күдіктілерге қатыстыешқайда кетпеу және тиісті мінез құлық  туралы  бұлтартпау  шарасы таңдалды.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері  жүргізілуде.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<