
Дәстүрлі шараға барлық сала басшыларымен қатар аудан тұрғындары да атсалысты. Акция аясында Жалағаш кентінде 2000-нан астам ағаш көшеттері отырғызылды.
Сонымен қатар, сенбілік барысында көркейту-көгалдандыру, санитарлық-тазалық жұмыстары да жүргізілді. Оған кент бойынша 70-тей мекеме, 1050 адам, 7 техника тартылды. Сенбілік барысында 25 көшеге тазарту жұмыстары жүргізілсе, 3,7 км арық тазаланды.