Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович коронавирус жұқтырды

731

0

Серб теннисшісі, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович Хорватиядағы турнир кезінде коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com агенттігіне сілтеме жасап.


Оның әйелінен де коронавирус инфекциясы табылған.
«Біз турнирді індет толқыны басылғанда ұйымдастырған едік. Осындай жағдайда жарыс өткізуге болады деп сендік. Өкінішке қарай, вирус ешқайда кеткен жоқ, біз осы шындыққа көндігуге тиіспіз. Мен осы турнирде коронавирус жұқтырған әр адамнан кешірім сұраймын. Олардың денсаулығына зиян келе қоймайды, бәрі аман-есен жазылып кетеді деп үміттенем. Ал өзім 14 күнге оқшауланамын. Бес күннен кейін қайтадан тест тапсырамын», – дейді теннисші Новак Джокович.


Осыдан бір күн бұрын сол турнирде болгариялық теннисші Григор Димитров пен хорват спортшысы Борна Чоричтің ауру жұқтырғаны белгілі болған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<