Әскери-патриоттық акция өтті

532

0

Жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбиені дарыту қай кезде де өзектілігін жойған емес. Әсіресе, Отан алдындағы өз борышын адал атқару – әрбір ер азаматтың басты парызы.

Осыған орай, бүгін облыстық жастар ресурстық орталығында «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» атты әскери-патриоттық акция ұйымдастырылды. Аталмыш шараға облыстық қоғамдық даму басқармасымен бірге әскери сала қызметкерлері және жастар қатысты. Жиында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Қамбаров ел қауіпсіздігі мен тыныштығы жолында аянбай еңбек ететін қорғаныс саласы қызметкерлерінің жұмысы аса жауапты екенін айтып, жастардың бойына патриоттық сезімді қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып өтті.

– Еліміздің амандығы – ең маңызды құндылығымыз болып қала бермек. Сол жолда қызмет етіп жүрген Сыр өңіріндегі «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы облыстық қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп атқарған жұмыстары да жетерлік. Жастардың бойындағы патриоттық тәрбие мен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіруде қозғалыс тарапынан жүргізілген жұмыстар жүйелі орындалуда, – деді Артур Раушанбекұлы.

Шара барысында жастарға әскери саладағы басты жеңілдіктер мен әскерге шақыру тізіміне тіркеу тәртібі және әскери есеп пен қызметтік заңнамаларының негізгі ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, қатысушыларға офицерлер мен сержанттарды дайындайтын әскери оқу орындары таныстырылып, үгіт-насихат сипатындағы бейнероликтер көрсетілді. Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің концертімен аяқталды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<