Әзиз аналарды мерекемен құттықтады

454

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаевпен бірге, ақ жаулықты аналардың отбасыларына барып, мерекемен құттықтады.

Аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласында маңдай терін төккен Зинегүл Құланшиева, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласының ардагері Анар Айтбаева, көптеген шәкірт тәрбиелеген Ұлбике Ерімбетова және саналы ғұмырын медицина саласына арнаған Жайдаркүл Маханбеталиеваларға мерекелік құттықтауларын табыс етіп, сый-құрмет жасады.

Аудан басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен, аймақ басшысының қолдауымен өңірде жарқын жұмыстар атқарылып жатқанын атады. Оның ішінде, аналарға құрмет көрсету, отбасы құндылығын дәріптеу мақсатында жүйелі жұмыстар іске асып жатқанын жеткізді.

– Біз әрдайым Сіздердің еткен еңбектеріңіз бен ел үшін жасаған қызметтеріңізді ұмытпаймыз. Сіздердің өмір жолдарыңызды әрдайым бүгінгі буынға өнеге етіп келеміз. Бүгінгі өздеріңіз арқылы барша ауданның ақ жаулықты аналарын мерекемен құттықтаймын, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Арнайы құттықтай келген азаматтарға құрметке бөленіп отырған азиз аналар ризашылықтарын жеткізіп, елдің амандығын тілеп, ақ баталарын берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<