Ахуал тұрақталып келеді

554

0

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекованың мәлімдеуінше, өңірде ахуал тұрақталып келеді.

– Ірі сауда орталықтары мен базарлардың азық-түлік сататын бөліктері жұмысын бастады. Қоғамдық көліктерді де кезең-кезеңімен шығару жүзеге асырылуда. Еріктілер бұзылған, залал келген аумақтарды тазарту, ретке келтіру жұмыстарына жұмыла кірісіп жатыр. Олар сондай-ақ, блок-бекеттердегі тәртіп қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізуді де қолға алған. Жалпы өңірдегі ахуал облыс әкімі жетекшілік ететін облыстық арнайы штабтың қатаң бақылауында, – деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, 5 қаңтар күні қаруланған бұзақы топ облыс орталығында мемлекеттік маңызы бар бірнеше нысандарды қи­ратты. Оның ішінде облыстық әкімдік ғимараты да бар болатын.

«Бұзақы топ облыс әкім­дігінде кабинеттердің тас-тал­қанын шы­ғарып, техникалық құрал-жабдықтарды да қолды еткен, қызметтік автокөліктерді өртеу әрекетіне дейін барған. Қазіргі таңда мүліктік шығынды есептеу, зерделеу бағытында арнайы комиссия құрылды. Өңірде ахуал тұрақтала бастады. Аймақ төтенше жағдайда екені белгілі, ал, облыс әкімдігі штаттық жұмыс режиміне көшті» – деп хабар­ла­ды кеше кешке облыс әкімінің бас­пасөз хатшысы Абай Тағыберген.  

Аймақта қоғамдық қауіп­сіз­дікті сақтау мақсатында 5 блок-бекет қойылып отыр. Олар Тұңғыш Президент паркі, «Қызылорда – Павлодар – Жезқазған», «Қызылорда – Жалағаш» автожолында және «Самара – Шымкент» автожолында орналасқан.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<