Air Astana су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізеді

276

0

Фото: Александр Павский/ агентство Kazinform

Air Astana тобы су тасқыны кезінде ұшақ билетіне арнайы тариф енгізбек.

Әуе компания Air Astana және FlyArystan 13-24 сәуір аралығында Атыраудан Алматы мен Астанаға ұшатын рейстерге су тасқыны кезеңінде арнайы тариф енгізетінін мәлімдеді. 

«Аталған тарифтің құны бір жаққа эконом-класта 40 000 теңге. Сондай-ақ FlyArystan Атыраудан Шымкент, Ақтау және басқа қалаларға рейстерге арнайы тарифтерді уақытша енгізбек»,- деп хабарлады компаниядан.

Бұған дейін Air Astana тобы 9-18 сәуір аралығында Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау,

Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырылғанын жеткізген болатын.

Сондай-ақ қазақстандықтар батыстағы үш қалаға алған әуе билетінің ақшасын толық қайтара алатыны жайында жазған едік. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<