Аймақта 35 жасқа дейінгі 800-ге жуық мемлекеттік қызметші бар

220

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде облыстағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны 3 338 бірлікті құрайды. Оның 14-і саяси мемлекеттік қызметші болса, қалған 3 324-і «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкері.

Қазіргі таңда өңірде ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітіріп шыққан 25 маман мен «Болашақ» бағдарламасының 2 түлегі түрлі салада жемісті еңбек етуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев мәлімдеді.

– Бүгінде облыстағы мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3 233 адамды құрайды. Оның 3 065-і жоғары білімді маман болса, 800-ге жуық мемлекеттік қызметші 35 жасқа дейінгі жастар. Былтыр мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасына 133 жолданым түскен. Аталмыш жолданымның ішінде 45 өтініш өз құзіретінде қаралған болса, 80 өтініш басқа органдардың қарауына жолданды. Сондай-ақ, өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 10 отырыс өткізіліп, онда 49 мәселе қаралды. Бұл жиындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалар мен Әдеп кодексі аясында атқарылған жұмыстар талқыланды. Нәтижесінде, 174 ұсыныс енгізіліп, кеңес мүшелерімен 46 жеке қабылдау өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалар мен Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында 110 семинар, 9 интернет конференциясы, 12 тікелей эфир жүргізілді. Айта кетейік, 2023 жылы жоспарға сәйкес, департаменттің бастамасымен 21 мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізілді. Мониторинг жүргізудегі негізгі мақсат – мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тартудың алдын алу болып табылады. Нәтижесінде, 5 мемлекеттік органда 28 мемлекеттік қызметшінің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында болғаны анықталды. Соған сәйкес, мекеме басшыларына ұсыныс хат жолданып, тиісті жұмыстар атқарылды, – деді Ерлеген Жәрдемұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<