Айт күндері балаларға тәттілер үлестіріледі

513

0

Құрбан айт күндері барлық мешітте Балалар жылына орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында Айт күндері қаладағы барлық мешітте тәттілер мен сыйлықтар үлестіріледі. Одан бөлек, мешіт ауласына шатырлар құрылып, киіз үйлер тігіліп, ақсақалдар мен үлкен кісілерге айттық дастархан жайылады», – деді Оспан Төлеби.

Сондай-ақ бұл күндері қала әкімінің қолдауымен Алматының орталық мешіті мен өзге мешіттерде ұлттық ойындардан спартакиада өтеді. Шараға қатысушыларды арқан тарту, асық ату, армрестлинг, гір тасын және қошқар көтеру секілді сынақтар күтіп тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<