Академик алтын ұясына тарту жасады

589

0

Сәкен Сейфуллин атындағы 4-ші ІТ лицейдің 2022 жылғы мектеп бітіруші түлектеріне арналған «Түлек – 2022. Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты мерекелік кеші өтті. Арман қанатына жайғасқан түлектерге соңғы қоңырау соғылатын салтанатты шараға Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, атаулы мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қылышбай Бисенов, Облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қордабай Нұрғали, Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Жандос Базартай жәнеде барша ата-аналар қатысты.

Шара барасында Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Қылышбай Алдабергенұлы бітіруші түлектерді құттықтап, 5 сыныптың үйден білім алатын үздік оқушысы Алданияз Жансаяға бағалы компьютер жинағын тарту етті. Сондай-ақ, мәслихат депутаты өз сөзінде №4 Сәкен Сейфуллин атындағы ІТ лицейінің түлегі екенін мақтанышпен еске алып, ұстаздарына рақметін жеткізді. «1970 жылдың 9 қыркүйегінде 7 сынып қабырғасына қабылдандым. Ол кезде қоғам және мемлекеттік қайраткері, ұлағатты ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері Қасымбек Ибраев ағамыз басшылық жасайтын. Қасиетті қара шаңырақтың қабырғасында жүріп мұғалімдерімізден алған біліміміз өмір жолында көп көмек тигізді. Қанаттануымызға, қалыптасуымызға әсері орасан болған алтын ұямызға құрметіміз мәңгілік! Жас түлектер, жолдарыңыз ақ болсын! Өмір мектебінде табандарыңыз таймасын!”,-деді академик.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<