Алаяқтық қылмысының көбісін интернет арқылы жасаған

594

0

Қызылорда қаласында жыл басынан бері 224 алаяқтық дерегі тіркелген. Олардың 121-і интернет желісі арқылы жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаяқтық қылмыспен айналысатындардың 70 пайызы – әйелдер. Қазіргі таңда алаяқтық қылмысы былтырғымен салыстырғанда 44,1 пайызға азайған

«Бұл халықтың құқықтық сауатының жылдан-жылға өсіп келе жатқандығын білдіреді. Полиция қызметкерлері күнделікті халыққа алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндіруде. Тұрғындар осыған мән беруі қажет. Алайда, алдап-арбаудың жетегінде кетіп жатқандар көп», – деді Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған әйел ұсталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<