Алдағы күндері ауа райы 20 градусқа дейін суытады

262

0

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«Қазгидромет» синоптиктері 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын мәлім етті.

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан аумағында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты таяудағы екі тәулікте тұрақсыз ауа райы сақталады. 12 наурыз күні Павлодар және Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. 12-13 наурыз күндері Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл сондай-ақ Алматы облыстарында да қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман шөгеді, көктайғақ болады деген болжам бар. 

Еліміздің кейбір өңірлерінде түнде ауа температурасы -10-20 градус аяз көрсетсе, күндіз -2-10 аяз болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік аймағында түнде термометр бағаны -2-12 градусқа төмендесе, күндіз 6 градус аяз болады деп болжанған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<