Алдағы күндері ауа райы қалай болады?

199

0

Скандинавиядағы жылы Атлантикалық циклонның әсерінен Қазақстанда күн жылынады, деп хабарлайды Қазгидромет.
«Скандинавиядағы жылы Атлантикалық циклон еліміздің батыс өңірлерінің ауа райын анықтап, әрі қарай шығыс бағытта жылжу арқылы Қазақстанның қалған аумағына да әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын, тұман түсіп, ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Сондай-ақ, желдің екпіні 15-20 м/с-ға жетіп, 14 наурызда республиканың солтүстік-батыс және солтүстігінде 23-28 м/с-ға дейін күшейеді» делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<