
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. «Бірақ солтүстік облыстардың кейбір жекелеген аудандарында аздаған жаңбыр болуы ықтимал. Республиканың шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты шамалы жаңбыр болжанады. Қазақстанның шығыс жартысында ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градус төмен, ал батыс жартысында – нормадан 4-6 градус жоғары боп сақталады», – деді синоптиктер.
Сондай-ақ, «Қазгидромет» өкілдерінің мәліметінше, Атырау облысында 21-22 мамыр кезеңінде 37 градус ыстық болатындықтан дауылдық ескерту жарияланды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<