Алдағы он жылда АЭС-тер жабылады

293

0

Алдағы он жылда АЭС-тер жабылады Эксперттер 2025 жылға дейін құрылғанына 40 жыл болатын атом электр станцияларының 70 пайызының жұмысы тоқтатылады дейді. 
 «Bussines Insider»-дің хабарлауына қарағанда бұл энергия нарығында үлкен бетбұрыс болып, жүз мыңдаған мамандар еңбек етіп жатқан бүтін басты бір ғылымның өмірінің бітіп жатқанын көрсетеді.  Соңғы онжылдықта АҚШ-та бес АЭС жабылды. Олардың орнын энергияның жаңа түрлері иеленіп алды. АЭС-тің жабылуының бірінші себебі – бұл экономика, атом электр станцияларын салу мен пайдалануға қарағанда жақсы қызмет ететін газ және көмір станциялары.  Екінші себеп – құрылыстың қауіпсіздігі. АЭС-тің құрылысы өте қымбатқа түсуінен бөлек, ешқандай мемлекетке «Чернобыль апаты» керек емес.  Үшіншіден, атом энергетикасына қатысты теріс көзқарас экологиялық таза энергия көздерін – күн фермаларын немесе геотермалдық қондырғыларды құруды ынталандырады және бұл бүкіл әлемде кең таралып жатыр.  Ғалымдар жоғарыда аталған мәліметтерге сүйене отырып, АЭС-тер келесі онжылдықта мүлдем жоғалып кетеді деп отыр.

Дереккөз: massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<