Алғаш рет жаңбырлатып суару әдісімен жоңышқа егілуде

1416

0

Биылғы жылы да Сырдария өзенінде су тапшылығы қайталанады деген болжамға байланысты Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округіне қарасты «ISO-agro» шаруа қожалығы жанбырлатып суару әдісі арқылы Елтай каналының бойынан 35 гектар жерге жоңышқа дақылын егуде.

Тың әдісті пайдаланудағы басты мақсат – суды үнемдеу технологиясымен мал азықтық дақыл дайындау.

Былтырғы жылы «Елтай» каналынан жаңадан 1,5 шақырым каналды өз күшімен қазып, 35 гектар жерді ашу және қоршау жұмыстарын жүргізіп, құны 3,0 млн. теңгені құрайтын құрал-жабдықтарын сатып алып, пайдалануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<