Фото: ашық дереккөз
30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.
Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді. Өрт Әди Шәріпов көшесіндегі бірінші қабаты мен жертөлесі хостелге айналған тұрғын үйде болған.
«Келген бойда 1 қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Өрт 06:22-де жойылды», – делінген хабарламада.
Өрт сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр.
Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<