Алматыда шілде айында бокс кеші өтеді

749

0

Коронавирус індеті төбе көрсетіп, шектеу енгізілгелі бері Қазақстандағы алғашқы спорттық шара – кәсіби бокс кеші 18 шілдеде Алматыда өтеді. Бірақ ол көрермендерсіз өтеді, оған тек қазақстандық боксшылар қатысады. Кеше осы шараға қатысатындардың толық тізімі белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.


2019 жылғы Әлем біріншілігінің қола жүлдегері Тұрсынбай Құлахмет 18 шілдеде өзінің кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – Сағадат Рахманқұловқа (6-1-0, 4 КО) . Одан бөлек жастар арасындағы Олимпиаданың күміс жүлдегері Талғат Шайкен Берікбай Нұрымбетовпен жұдырық түйістіреді (5-0, 1 КО) .
Кештің басты жекпе-жегі – орта салмақтағы Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) пен Арман Рысбек (7-0, 6 КО) арасында өтеді.


Басқа жұптардың құрамы келесідей: Абай Төлеш (5-0, 3 КО) – Сапарбай Айдаров (4-0, 2 КО), Нұрдос Төлебай (2-0, 1 КО) – Нұржан Мақашбаев (0-0-2), Талғат Бертілеуов (0-1-0) – Жұмақ Сейітжанов (2-0-0), Қанағат Картбаев (1-0) – Ақниет Қазиев (0-1), Қанат Санғыл (дебют) – Айдос Медет (3-0), Нұрислам Сабиров (дебют) – Қанат Манатұлы (1-0), Бектас Қасенай (1-0) – Заманбек Данабеков (1-0).


Қыздар арасында да жекпе-жек болады. Лунара Альхамова (дебют) – Жансая Рахымберді (1-0) рингке шығады. Барлық жекпе-жектер ESPN халықаралық телеарнасынан көрсетілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<