Алматыда такси жүргізушілері бағаны 40 мың теңгеге дейін көтеріп жіберген

547

0

фото: такси парктері қосымшасынан скриншот

Алматыда жер сілкінісінен кейін такси жүргізушілері бағаны 2 есе шарықтатып жіберген.

23 қаңтарға қараған түні жер сілкінісінен биік тұрғын үй кешенінде тұратын адамдар қала сыртына қарай ағылған еді. Алматы көшелерінде және жанар-жағармай құю бекеттерінің маңында көлік кептелісі болған.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде такси жүргізушілерінің жол жүру бағасын 2 есе қымбаттап жібергені туралы ақпарат тарады. Жүргізушілер қала тұрғындарын Ұзынағаш ауылына жеткізу үшін такси бағасын көтеріп жіберген.

Мәселен, ол ауылға әдетте 2 мың теңгемен баратын таксистер 20-50 мың теңге дейін сұраған. Бұл желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Ел басына күн туғанда көмек берудің орнына, бағаны 40 мыңға дейін көтерген», «Біреулерді бақытсыздық асырайды» демекші, тексіз таксистер Алматыдағы ажиотажды пайдаланып, аспандағы бағаны айтып жатыр, – деп жазды желі қолданушылар.

Еске сала кетсек, түнде Алматыда қуатты жер сілкінісі болып, қала тұрғындары үреймен көшеге шыққан болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<